Өтінім беру
Шағын грантқа қатысуға өтінімді критерийлерге сәйкес келетін және байқауға қатысуға ниет білдірген барлық жеке тұлғалар бере алады.
Байқауға өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы «25» наурызынан бастап 2024 жылғы «24» сәуірдің сағат 23:59-ға дейін..

Өтінімдерді байқаулық іріктеуі: 2024 жылғы «25» сәуірінен «14» мамырға дейін.

Өтініш беруші байқауға қатысу үшін тек 1 (бір) әлеуметтік жобаны ұсына алады.

Ұйымдастырушы өтінім берушілердің конкурсқа қатысуына байланысты шеккен шығындарын өтемейді.

Конкурсқа қатысуға өтінім беру арқылы өтінім беруші Ұйымдастырушыға осындай өтінім құрамында ұсынылған барлық ақпаратты талдамалық және өзге де мақсаттарда пайдалануға рұқсат береді.
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Конкурсқа қатысу үшін өтініш берушілер барлық көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келуі тиіс:
1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;
2) өтінім берген кезде өтініш берушінің жасы 18-ден 35 жасқа дейін (34 жасты қоса алғанда) болуы тиіс («Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңының 1-бабына сәйкес 35 жасқа толған қазақстандықтар жастар болып табылмайды);
3) өтінім беруші өтінім берген сәтте өңірдің аумағында тұрақты немесе уақытша тіркелуі тиіс;
4) өтінім беруші өтінім берген сәтте уақытша бос жүрген жастар мәртебесінде болуға тиіс.
Уақытша орналастырылмаған жастарға мыналар жатады:
1) тіркелген жұмыссыз мәртебесі бар жастар;
2) үй шаруасымен айналысатын жастар;
3) мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жастар;
4) күндізгі оқу нысанында оқымайтын және жұмыс істемейтін 18-35 жастағы (34 жасты қоса алғанда) басқа адамдар.
Жобаны өтініш беруші 4 (төрт) айдан аспайтын мерзімде іске асыруы тиіс.
Шағын грантты бөлу конкурстық комиссияның хаттамасы және шағын грантты беру туралы қол қойылған шарт негізінде жүзеге асырылады.

Грант беру туралы шарттарға қол қою мерзімдерін қысқарту және жобаларды іске қосу процесін жеделдету мақсатында грант алушыларға электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып шартқа қол қою мүмкіндігі берілетін болады.

Шағын грант беру туралы шарт жасасу кезеңінде Ұйымдастырушы жобаны сапалы іске асыру мақсатында өтініш берушінің жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін

Грантты қаржыландыруды Ұйымдастырушы жобаның бекітілген сметасына сәйкес берілген грант алушылар ұсынатын төлем шоттары бойынша тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің есеп айырысу шотына қаражат аудару жолымен жүзеге асырады.

Шығынтар сметасын түзетуге Ұйымдастырушының жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ

  1. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші сауалнама нысанына
(1-қосымша) сәйкес барлық қажетті сауалнамалық деректерді толтырып, Ұйымдастырушының сайтында тіркеліңіз.

2. Сайтта тіркелгеннен кейін жобалық өтінім нысанын толтырыңыз. Өтінім әрбір тармақ бойынша және белгіленген нысанға сәйкес толтырылуы тиіс (2-қосымша).

Жобалық өтінімдерді қабылдау кезеңінде сайтта ақаулықтар мен мәселелер туындаған жағдайда және оларды бір күн ішінде шешу мүмкін болмаған жағдайда, өтінім берушілерге жобалық өтінімді zhasproject23@gmail.com электрондық пошта арқылы берудің баламалы әдісі ұсынылады.

3. Конкурсқа қатысуға өтінім өтінім берушінің осы Ережеде көзделген талаптар мен шарттарға келісім білдіру нысаны болып табылады.

4. Өтінім беруші өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.

5. Ұйымдастырушы өтінімдерді қабылдау үшін белгілеген күннен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды.

6. Ұйымдастырушы алынған ақпараттың құпиялылығына және өтінім берушілердің жеке деректерінің сақталуына кепілдік береді.
Өз облысыңызды таңдаңыз
© Барлық құқықтар сақталған