Жақсығұл Айбат Қанатұлы
1997 жылы 5- тамызда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. 2015 жылы Шалқар қаласындағы №3 қазақ орта мектебін бітірді. 2019 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агро-техникалық университетін «Инженер технолог» мамандығы бойынша қызыл дипломға тәмамдады. 2021 жылы отбасын құрып, 2022 жылы балалы болғаннан кейін, «Ел болам десең бесігіңді түзе» демекші болашақ балалардан басталатындығын түсінген әке «ZHAS PROJECT» шағын гранттар байқауына «Қазақша дамытқыш ағаш ойыншықтар» тақырыбында бизнес жобасын ұсынып, грант иегері атанды.
Жобаның мақсаты: Балаларды экологиялық таза əрі ұлттық құндылықтарға негізделген ойыншықтармен қамтамасыз ету. Елімізде психикалық, тілдік дамуының (ЗПРР,ЗРР,аутизм) кешігу мəселелері бар балалардың көбеюіне байланысты ұсақ қол моторикалары, зейіндік қабылдау, логикалық жəне есте сақтау, т.б. қабілеттерін дамытуға арналған ойыншықтарды балалар санасына бекіген ұлттық кодпен ұштастыра отырып, дені сау балалардың қатарын көбейту.
Осы мақсат жолында нарықтағы сапасыз ойыншықтар санын азайта отырып, балаларға әрі қолжетімді, әрі қауіпсіз, әрі қазақи ойыншықтар ұсынып, ұлттық құндылықтарды ойын арқылы бойына сіңірген,болашағы жарқын ұрпақтар тізбегін қалыптастырғысы келеді.